Қазақ қыздары әлем чемпионаты жүлдесінен үміт үзді

Қазақ қыздары әлем чемпионаты жүлдесінен үміт үзді
Гандбол

Халықаралық гандбол федерациясы (IHF)

Гандболдан Германия мен Нидерландта өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңінің соңғы матчын Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Трир қаласында өткен матч 17:35 есебімен кореялық спортшылар пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапынан төрт гол соққан Кристина Радаева ойын үздігі атанды. 

Бұл - Қазақстан құрамасының Н тобындағы үшінші жеңілісі. Бұған дейін отандастарымыз Ангола мен Норвегиядан жеңілген еді. Осылайша, қазақ қыздары топтық кезеңнен шыға алмады. Енді Александр Сытько шәкірттері әлем чемпионатының 25-32-орындары үшін ойнайды.