Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында төбе көрсетті

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында төбе көрсетті
Жүзу

Olympic.kz

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 50 метрге дейін жүзуде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мусин қашықтықты 23.74 секундта бағындырып, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды. Финалдық сайыста тағы бір қазақстандық спортшы Максим Сказобцов 23.90 секундпен қола медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасында да жерлестеріміз жүлдеден шет қалған жоқ. Бұл қашықтықта София Әубәкірова күміс, ал Софья Сподаренко қола медаль еншіледі.