Таеквондо: Ел қоржынына араға 6 жыл салып әлем чемпионатының медалі түсті
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Таеквондодан Қытайда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Бүгін Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
49 келі салмақта өнер көрсеткен Нодира Ахмедова жартылай финалда Қытайлық Тайпей спортшысынан жеңіліп, үздік үштіктің қатарына енді.
Еліміз 2019 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатында жүлде еншіледі. Оған қоса, қыздарымыз соңғы рет 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында медаль иеленген еді.