Таеквондо: қос спортшымыз әлем чемпионатының ширек финалында

Таеквондо: қос спортшымыз әлем чемпионатының ширек финалында
Басқа

Қазақстан таеквондо федерациясы

Қытайдың Уси қаласындағы такевондодан әлем чемпионаты екінші жарыс күнінің 1/8 финалы өтіп, онда қос қазақстандық спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әйелдер арасында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Нодира Ахмедова 1/8 финалда канадалық Йосипа Кафадарды 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ал Самирхон Абабакиров ширек финалға жолдаманы сенегалдық спортшымен сарапқа салып, өз мықтылығын дәлелдеді.