Таеквондо: Самирхон Абабакиров әлем чемпионатын сәтті бастады
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Таеквондодан Қазақстан құрамасының үздігі Самирхон Абабакиров әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан жарыстың екінші күнінде ерлер 63, әйелдер 49 келі салмақ дәрежелерінде сынға түседі.
Самирхон Абабакиров жарысты екінші айналымнан бастап, Жаңа Зеландия өкілі Байне Карлды 2:0 есебімен сенімді жеңді.