Екінші алтын! Азиадада тағы бір спортшымыз топ жарды
Басқа
Арлан Олжабай
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.
Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бұл - жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен екінші алтын медаль. Бұған дейін велошабандоздар топ жарған еді.