Дамир Касабулат ұлттық құрамадағы дебютінен кейінгі әсерімен бөлісті

Футбол
KFF
Қазақстан құрамасының қорғаушысы әрі ұлттық командадағы дебютант Дамир Касабулат Уэльске қарсы матчтан кейінгі әсерімен бөлісіп, Бельгиямен өтетін келесі кездесуге дайындық жайлы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz (AS News) басылымына сілтеме жасап
«Мен үшін бұл – үлкен құрмет, ұлттық құрамадағы алғашқы ойынымды өткізгеніме өте қуаныштымын. Әрине, нәтиже көңіл көншітпеді. Бізге сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Осындай матчтарда жеңіске жету үшін өз мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек. Жалпы ойынды жаман өткізбедік, бірақ шабуылдарымызды голға жеткізе алмадық», – деді Касабулат.
Сондай-ақ ол алдағы Бельгияға қарсы кездесу алдында пікір білдірді.
«Бірінші мақсат – осы ойында толық қалпына келу. Уақытымыз бар, дайындаламыз. Барлығын алаңдағы ойын көрсетеді. Біз бар күшімізді саламыз. Тығыз ойын кестесіне де бейімделіп жатырмыз. Арнайы жаттығулар мен қалпына келу процесі бар. Барлық жағдай жасалған, сондықтан әр екі-үш күн сайын ойнауға дайынбыз. Келесі матчта 100% күш саламыз», – деді қорғаушы.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайды. Бұған дейін Астанада өткен кездесуде біздің құрама Уэльске 0:1 есебімен есе жіберген болатын.