Саян Хамитжанов «Кайратты» тарихи жетістігімен құттықтады

Саян Хамитжанов «Кайратты» тарихи жетістігімен құттықтады
Футбол

KazFootball.kz

«Астана» ФК Директорлар кеңесінің төрағасы Саян Хамитжанов алматылық «Кайратты» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтап, алдағы шешуші ойындарда сәттілік тіледі, деп хабарлайды Bassport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— «Братиславадағы “Слованды” жеңген футбол клубы “Кайратты” және бүкіл қазақстандық футбол жанкүйерлерін құттықтаймын. Алматылықтар мықты мінез көрсетіп, ұзақ жылдардан кейін Чемпиондар лигасының гимнін Қазақстанға алып келді! Алда — “Селтик” және Еуропаның басты клубтық турнирінің плей-офф кезеңі. Бұл нәтиже бүкіл футболымызға зор серпін беріп, сапалы қадам жасауға бастау боларына сенемін. Браво, “Кайрат”!», — деді Хамитжанов.