Жүзуден әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Жүзуден әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Басқа
Жүзуден Қазақстан командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Венгрияда өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына дайындалуда, деп хабарлайды Bassport.kz. Әлемдік додаға 188 мемлекеттен 941 спортшы қатысады. Қазақстан командасының атынан Әділбек Мусин, Айбек Қамзенов, Александр Варакин, Аделаида Пчелинцева, Ксения Игнатовалар сынға түседі. Қазақстан командасының жарыс кестесі: 18 маусым Әділбек Мусин – 50 м., баттерфляй Айбек Қамзенов – 100 м., брасс 19 маусым Аделаида Пчелинцева – 100 м., брасс Ксения Игнатова – 100 м., шалқалап жүзу 20 маусым Айбек Қамзенов – 50 м., брасс 21 маусым Александр Варакин – 100 м., еркін әдіс 23 маусым Әділбек Мусин – 100 м., баттерфляй Александр Варакин – 50 м., еркін әдіс Ксения Игнатова – 200 м., шалқалап жүзу 24 маусым Аделаида Пчелинцева – 50 м., брасс