Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жек келісімшартына қол қойды

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жек келісімшартына қол қойды
Бокс

Х әлеуметтік желісі

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен біріктіруші жекпе-жек өткізу үшін келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Боксшы өз мәлімдемесін әлеуметтік желіде, X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды:

- Адамес, біз барлық құжаттарға қол қойдық. Енді сені күтіп отырмыз! Неге қол қойғың келмейді? Барлық құжаттар сенің алдыңда жатыр! Қорқақ!,- деп жазды Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы біраз уақыттан бері WBC чемпионы Карлос Адамеспен біріккен титулдық жекпе-жек өткізу ниетін ашық білдіріп жүр.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.