Бүгін бокстан Әлем кубогінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

ҚБФ
World Boxing Әлем кубогінің кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының алты өкілі жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 19:00-де басталады. Барлық жекпе-жектердің тікелей көрсетілімі «Qazsport» телеарнасынан ұсынылады.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі төмендегідей:
Күндізгі сессия
1-жекпе-жек (ринг A)
Әйелдер, 54 кг: Анель Сақыш — Феруза Қазақова (Өзбекстан)
5-жекпе-жек (ринг B)
Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан — Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)
9-жекпе-жек (ринг A)
Ерлер, 80 кг: Нұрбек Оралбай — Мурад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
Кешкі сессия
4-жекпе-жек (ринг B)
Әйелдер, 75 кг: Надежда Рябец — Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
6-жекпе-жек (ринг B)
Ерлер, 60 кг: Серік Теміржанов — Джейкоб Кассар (Аустралия)
11-жекпе-жек (ринг A)
Ерлер, 90+ кг: Айбек Оралбай — Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)