Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтады

Футбол
kff.kz
Швейцарияның Ньон қаласында 2025/26 жылғы маусымға арналған қыздар арасындағы 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші раундының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Bassport.kz KFF.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеребе нәтижесінде Қазақстанның WU-17 құрамасы В лигасының 3-тобына түсіп, Грузия, Босния және Герцеговина мен Латвия құрамаларымен бір топқа түсті. Матчтардың өтетін күні мен орны кейінірек белгілі болады.
Алты топ жеңімпазы және екінші орынды иеленген ең үздік команда (төртінші орын алған командалармен болған матчтар есепке алынбайды) келесі маусымды А лигасынан бастайды.