«Барселонаның» қорғаушысы Форт мұрын қалқанына ота жасатты. Оның тыныс алуында қиындықтар болған

«Барселонаның» қорғаушысы Форт мұрын қалқанына ота жасатты. Оның тыныс алуында қиындықтар болған
Футбол

Getty Images

Эктор Форт мұрын қалқанына операция жасатты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Өткен маусымда «Барселона» қорғаушысы созылмалы мұрын бітелуінен зардап шеккен.

18 жастағы испандық футболшы 4 апта ішінде қатарға қосылады деп күтілуде. Осылайша, Форт 12 шілдеде басталатын «Барселонаның» маусым алдындағы дайындығына дейін жазылып үлгереді.

Өткен маусымда қорғаушы «блауграна» сапында барлық турнирлерде 21 матч өткізді.

Эктор Фордтың Instagram-парақшасынан алынған