Қазақстандық футболшыны «Алтын доптың» болашақ иесі деп атады

Қазақстандық футболшыны «Алтын доптың» болашақ иесі деп атады
Футбол

Oliver Sport

«Челси» клубы туралы жаңалықтар мен пікірлерді жариялайтын Chelsea in Pidgin атты әлеуметтік желідегі парақша Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы ҚПЛ-дің 11-турында «Ақтөбеге» қарсы өткен ойында 87-минутта жеңіс голын соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

— Бұл есімді ұмытпаңыздар - Дастан Сатпаев! Ол «Ақтөбе» қақпасына 87-минутта гол соғып, командасына көптен күткен жеңісті әкелді. Болашақ «Алтын доп» иегері. Ол 2026 жылдың маусымында «Челсиге» қосылады, — деп жазды Chelsea in Pidgin парақшасы.