Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында әлемдік рекорд орнатты

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында әлемдік рекорд орнатты
Футбол

Getty Images

Саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасының ширек финалында жапондық «Йокогама Ф. Маринос» командасына қарсы ойында мергендік танытты, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Матчтың 38-минутында португалиялық жұлдыз гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Бұған дейін «Аль-Наср» сапында Джон Дюран (27-минут) және Садио Мане (31-минут) голдарымен ерекшеленген болатын. 

Айта кетейік, бұл гол Роналдудың кәсіби мансабындағы 934-ші голы болды. Бұл көрсеткіш әлемдік футбол тарихындағы ең үздік нәтиже саналады.

Биылғы маусымда Криштиану Роналду «Аль-Наср» сапында 37 матчта өнер көрсетіп, 33 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.