Әлем чемпионаты: Нариман Құрбанов жүлдесіз қалды
Гимнастика
Olympic.kz
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Индонезияда өткен жарыстың ат снарядындағы жаттығуларында Құрбанов финалға жолдама алған еді.
Алайда бұл жолы жүлделі орынға іліге алмады. Нариман 13.533 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Ал оның командаласы Зейнолла Ыдырысов (13.666 ұпай) одан бір саты жоғары орналасқан.