“Астана” мен “Жетісу” арасындағы матч кейінге шегерілді

Футбол
ФК “Астана”
Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші турындағы “Астана” мен “Жетісу” арасындағы матч жоспарланған күннен бір күнге кеш өткізіледі, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бастапқыда ойын 29 наурызда өтуі керек болған, алайда ол 30 наурызға ауыстырылды.
Ресми себептері нақты айтылмағанымен, “Жетісу” клубы астаналық команданың ұсынысына келісім бергені белгілі болды.
Матч “Астана Арена” стадионында сағат 16:00-де басталады.