«Мен ешқашан қорқақ сияқты жеңілмеймін»: Манел Капе Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды

«Мен ешқашан қорқақ сияқты жеңілмеймін»: Манел Капе Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды
Жекпе-жек

Getty Images

Анголалық UFC жекпе-жек шебері Манел Капе (21-7) қазақстандық Асу Алмабаевтың (21-3) жекпе-жек кезіндегі және одан кейінгі әрекетін сынға алды, деп жазады BasSport.kz.

«Ол көзінің суретін жарияламауы керек еді, өйткені ол торда менен қашты. Егер соққы алғың келмесе, қорған. Бірақ қашпа. Бұл көзге саусағым тигеннен де үлкен ұят. Әркім қалай жеңілетінін өзі таңдайды. Мен ешқашан қорқақ сияқты жеңілмеймін, бірақ өмір солай», – деді Капенің сөзін MMA Fighting басылымы келтіреді.

Еске сала кетейік, Алмабаев 2 наурызда АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде Капеден үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жек барысында Капе Асу Алмабаевтың көзіне саусағын тигізген еді. Жекпе-жектен кейін Алмабаев жарақаттанған көзінің суретін жариялаған.