Жалғас Жұмағұлов: “Чемпиондық белбеу үшін мамыр-маусым айларында жұдырықтасамын”

Жалғас Жұмағұлов: “Чемпиондық белбеу үшін мамыр-маусым айларында жұдырықтасамын”
Жекпе-жек

Naiza.mma

Қазақстандық MMA жауынгері, UFC-дің бұрынғы спортшысы Жалғас Жұмағұлов Sport+ эфиріндегі «Один на Один» бағдарламасына берген сұхбатында Oktagon лигасындағы чемпиондық жекпе-жегінің өтетін уақытын жариялады.

«Бірінші жекпе-жекте бұрынғы чемпионды сенімді түрде жеңдім. Ақпан айында жекпе-жек өткізгім келді, бірақ ешкім менімен жұдырықтасқысы келмеді. Енді чемпиондық белбеу үшін мамыр-маусым айларында жұдырықтасамын, мен келесі үміткермін», — деді Жұмағұлов.

Жалғас Жұмағұловпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.