Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін жеңгеннен кейін жоспарымен бөлісті

Күрес
Sport +
Қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Токио Олимпиадасының жүлдегері Магомедхабиб Кадимагомедовты Алматыда өткен PWL 8 турнирінде жеңгеннен кейін алдағы жоспарын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz SPORT+ сілтеме жасап.
“Мен бұл белдесу үшін нақты жоспар құрған жоқпын. Басты мақсатым — 6 минут бойы күресу болды. Трибунадағы жанкүйерлердің қолдауын сезіндім, баршаңызға рақмет! Жарақат мазалаған жоқ, бірақ сақтық үшін тіземді қорғайтын құралмен орадым. Енді ұлттық құрамамен бірге Азия чемпионатына дайындаламын,” — деді Дәулетбеков.
Азия чемпионаты 25-30 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді.