Белгілі комментатор Асу Алмабаевтың неге жеңілгенін түсіндірді

Белгілі комментатор Асу Алмабаевтың неге жеңілгенін түсіндірді
Жекпе-жек

UFC

Танымал ММА комментаторы Давид Кучашвили қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың (21-3) португалиялық Манел Капеге (21-7) неге есе жібергенін түсіндірді, деп жазады BasSport.kz.

«Асу Алмабаев Манел Капеге қарсы жекпе-жекке дайындаған жоспарын орындай алмады. Ол күресуге тырыспады, тейкдаун жасау әрекеттері өте аз болды және алғашқы секундтардан бастап қорғанысқа кетіп қалды. Ал Капе одан ірі, қуатты әрі сенімдірек болды», – деп келтіреді Кучашвилидің сөзін Sports.kz.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев 2 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде Капеден техникалық нокаутпен жеңілді. Қарсыласы оны үшінші раундта тоқтатты.