Асу Алмабаев: “Шалбар киіп жүрміз, еркекпіз ғой” (ВИДЕО)

Жекпе-жек
Әлеуметтік желі
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) португалиялық Манел Капемен (21-7) кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жекпе-жектен кейін Асу Алмабаев Instagram әлеуметтік желісінде жанкүйерлеріне үндеу жасады:
— Бір-бірімізді қолдап жүрейік! Құласақ та, көтерілсек те. Бұйырса, әлі белбеуді алып келемін Қазақстанға. Шалбар киіп жүрміз ғой, еркекпіз ғой. Неше түрлі жағдай болады, ақталмаймыз.
Еске салайық, бұл жеңіліс Асу Алмабаевтың кәсіби мансабындағы үшінші және UFC-дегі алғашқы жеңілісі болды.