Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады

Жекпе-жек
UFC.com
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) АҚШ-та өткен UFC турнирінде басты жекпе-жекте сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Оның қарсыласы – Ангола текті португалиялық Манел Капе (21-7). Алмабаев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
Бұл Асудың UFC-дегі алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ол қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен: Оди Осборн (Ямайка), Си-Джей Вейгара (АҚШ), Хосе Джонсон (АҚШ) және Матеус Николау. (Бразилия)
Айта кетейік, Асу Алмабаев – UFC-де басты жекпе-жекке шыққан алғашқы қазақстандық. Манел Капе бұған дейін екінші бір қазақстандық файтерді нокаутқа жіберген.
2021 жылдың желтоқсанында ол Жалғас Жұмағұловты алғашқы раундта тоқтатқан болатын.