Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Күрес
ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы Александр Медведь атындағы дәстүрлі халықаралық күрес турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Минскте (Беларусь) өткен жарыста Жамиля Бақбергенова (72 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) чемпион атанды.
Ирина Кузнецова (59 кг) финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанса, қола медальді Зейнеп Баянова (53 кг), Зүлфия Яхярова (55 кг), Тынис Дүбек (62 кг) және Елена Шалыгина (65 кг) иеленді.