Юрий Бушман «Қызылжардан» кетті

Юрий Бушман «Қызылжардан» кетті
Футбол

ФК "Қызылжар"

34 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Юрий Бушман петропавлдық «Қызылжар» клубынан кетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Футболшы командадан келісімшарт мерзімі аяқталған соң, ұжыммен қоштасуды жөн көрді. 

Төрт маусым ішінде Бушман «Қызылжар» сапында 108 матчқа қатысып, 13 гол мен 19 нәтижелі паспен көзге түсті. 

 Айта кетейік, украиналық легионер «Қызылжардың» негізгі ойыншыларының бірі болған.