Әлем чемпионы атанған қазақстандық балуан Хорватиядағы халықаралық турнирдегі алғашқы қарсыласын білді

Күрес
UWW
Қазақстандық балуан Ислам Евлоев ертең, 8 ақпанда, Zagreb Open элиталық турнирінде алғаш рет кілемге шығады, деп хабарлайды Bassport.kz.
87 кг салмақта сынға түсетін Солтүстік Қазақстан облысының өкілі алғашқы айналымда 25 жастағы мажарлық Тамас Леваймен күреседі. Левай 2022 жылы Еуропа және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанған.
Бірақ бір қызығы, сол кезде ол 82 кг салмақта өнер көрсеткен. Кейінірек, 2023 жылы Zagreb Open турнирінің финалына дейін жеткенде, ол 97 кг салмақ дәрежесінде күресті. Яғни, венгриялық балуан үнемі салмақ ауыстырып жүреді.