Сергей Черник белорусстың «Слуцк-2024» клубына ауысты
Футбол
Павлодарлық «Ертістің» бұрынғы қақпашысы Сергей Черник белорусстың «Слуцк-2024» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Черник бұған дейін Беларусьтің «Неман», БАТЭ, «Гордея», «Шахтер» командаларында, Францияның «Нанси» және павлодарлық «Ертіс» клубтарында өнер көрсеткен.
Ұлттық құрама сапында Сергей 23 матч өткізіп, ел намысын қорғаған.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы маусымды Черник павлодарлық «Ертіс» құрамында бастаған болатын.
Алайда, қаржылық қиындықтарға байланысты «Ертіс» мамыр айының соңында чемпионаттан шеттетілді.