«Қызылжардың» экс ойыншысы отанына оралды

«Қызылжардың» экс ойыншысы отанына оралды
Футбол

Фк “Қызылжар”

Зоран Нижич хорватиялық «Шибеник» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ сілтеме жасап.

35 жастағы хорват қорғаушысы жаңа клубымен бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойды.

Зоран Нижичтің соңғы клубы «Қызылжар» болды. Өткен маусымда Премьер-лигада хорват футболшысы команда сапында 17 матч өткізіп, бір гол соқты.

«Қызылжар» маусым қорытындысы бойынша турнирлік кестеде тоғызыншы орын алды.