Ғалымжан Кенжебек Словакиялық клубпен келісімге келді
Футбол
ФК “Кощице”
Словакияның «Кошице» клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебекпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады BasSport.kz Sport+ сілтеме жасап.
22 жастағы футболшы өткен маусымды елордалық «Жеңіс» сапында бастаған. Жазда ол Кипрдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Акритас Хлоракас» клубына ауысты. Кипрлік клуб үшін 13 матч өткізіп, 4 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Кенжебек екі мәрте Словакия чемпионы атанған «Кошице» клубымен 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. 18 турдан кейін команда Словакия чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.