ҚФФ-ның басқарушы директоры: “Черчесов Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастырады”

ҚФФ-ның басқарушы директоры: “Черчесов Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастырады”
Футбол

ҚФФ

ҚФФ-ның басқарушы директоры Қайсар Бекенов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметін жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Черчесов Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастырады. Ол федерация президентімен кездесіп, әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық жоспарын талқылады. Наурызға дейін аз уақыт қалды, ешқандай өзгерістер күтілмейді, барлығы жұмыс тәртібінде жүріп жатыр», – деді Бекенов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Черчесовтың жақын арада қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.