Қазақстан құрамасының экс-капитаны «Қызылжар» қатарына қосылды
Футбол
Kazfootball
Азат Нұрғалиев Петропавлдың «Қызылжар» командасының жаттықтырушылар штабына кірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Азат Мәлікұлы — Қазақстан футболының ең танымал ойыншыларының бірі. Өзінің ойыншылық мансабында ол «Ордабасы», «Тобыл», «Астана», «Жетісу» және «Сұңқар» клубтарында өнер көрсетті. Футболшы ретінде ол Суперкубок иегері, үш рет Қазақстан чемпионы және ел Кубогының жеңімпазы атанған. Ұлттық құраманың экс-капитаны ретінде ол Қазақстан сапында 44 матч өткізіп, 3 гол соқты», — деп жазды «Қызылжар» командасының баспасөз қызметі.