Абат Аймбетов Өзбекстанға ауысуы мүмкін
Футбол
ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасы мен түріктің «Адана Демирспор» клубының шабуылшысы Абат Аймбетов өзбекстандық «Бунёдкор» командасына ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Bassport.kz.
Championat.asia басылымының мәліметінше, Ташкенттің клубы 29 жастағы шабуылшыны өз сапында көргісі келеді.
Ағымдағы маусымда Түркия Суперлигасында Абат Аймбетов 12 матч өткізіп, үш гол соқты.
Қазақстан құрамасы сапында ол 44 матчта ойнап, тоғыз голдың авторы атанған.