“Жетісу” клубына Қазақстан кубогына қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл салынды
Футзал
KazFootball
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті Талдықорғанның “Жетісу” мини-футбол клубына айыппұл салу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Айыппұлдың жалпы сомасы 1 107 600 теңгені құрады. Бұл жаза командасының Қазақстан кубогына қатысудан бас тартуына байланысты қолданылды.
Айта кетейік, 29 желтоқсан күні “Жетісу” 2024/25 жылғы Қазақстан чемпионатының 14-турында Алматының “Қайратынан” ірі есеппен ұтылған еді.