Павел Котов: “Қазақстанда теннисшілердің қыздары үшін де төлейді”

Павел Котов: “Қазақстанда теннисшілердің қыздары үшін де төлейді”
Теннис

Чемпионат

Ресейлік теннисші Павел Котов қазақстандық теннисшілерге жасалған жағдайға таңданысын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Котов Қазақстанның теннис федерациясының спортшыларға барлық жағдай жасайтынын атап өтті:

“Маусым алдындағы дайындық жиындары қанша тұрады? Тура сомасын айта алмаймын, бірақ бұл бес, тіпті алты нөлден тұратын үлкен ақша. Бірақ Қазақстанның теннис федерациясы спортшылары үшін бәрін төлеп береді. Егер спортшы жиынға қызымен келсе де, оның шығыны өтеледі. Сонымен қатар бапкерлердің де шығыны жабылады. Спортшының жалғыз міндеті — тек жаттығу. Шынымды айтсам, мұндай жағдайға қызығамын. Біздегі федерация осындай тәжірибені қабылдаса, керемет болар еді. Қазақстаннан үлгі алуға болады,” – деді ол sports.ru-ға берген сұхбатында.