Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі
Басқа
Италияда көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті.  Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8-ші, таспамен өнер көрсетуде 5-ші орын иеленді. Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогының финалында өнер көрсетті. Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады. Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.