«Қайраттың» түлегі «Қызылжармен» келісімге келді
Футбол
ФК “Қайрат”
«Қызылжар» футбол клубы жартылай қорғаушы Андрей Ульшинмен келісімшартқа отырғанын жариялады,деп хабарлайды BasSport.kz Sport+ сілтеме жасап.
Андрей Ульшин — «Қайрат» футбол клубының түлегі. Оның негізгі командадағы дебюті 2020 жылы Премьер-Лиганың 19-шы турында біздің командаға қарсы ойында өтті. Алматылық командада өнер көрсеткен уақыт ішінде Андрей 81 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Оның қоржынында Премьер-лига чемпионы, Қазақстан Кубогы иегері деген атақтар бар.
Сонымен қатар, Андрей биыл алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алды.