“Ордабасы” жаңа бас бапкерді тағайындады
Футбол
ФК “Ордабасы”
Шымкенттің “Ордабасы” футбол клубы команданың бас бапкері қызметіне 50 жастағы молдавиялық маман Андрей Мартинді тағайындағанын хабарлады, деп жазады BasSport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, Андрей Мартин бүгін Шымкентке келіп, клубпен келісімшартқа қол қойды.
Ол бұған дейін Молдованың “Петрокуб” командасында жұмыс істеген. 2023/24 маусымында Андрей Мартин өз командасын Молдова чемпионаты мен Кубогында жеңіске жеткізіп, УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шығарған болатын.