Қайрат Нұрдәулетов «Жетісудан» кетті

Қайрат Нұрдәулетов «Жетісудан» кетті
Футбол

ФК “Жетісу”

Талдықорғандық «Жетісу» 42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовтің бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлады, BasSport.kz, клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Қайрат Нұрдәулетов өткен маусымның басында талдықорғандық клубты басқарған болатын. Қазақстандық маманның жетекшілігімен «Жетісу» ҚПЛ турнирлік кестесінде 11-орынға тұрақтады. 

 Бұған дейін бапкер «Мақтааралды» басқарып, 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында жұмыс істеген.