Қазақстан құрамасына ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі қарсаңында жақсы жаңалық келді

Қазақстан құрамасына ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі қарсаңында жақсы жаңалық келді
Футбол

ҚФФ

«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа Бельгия ұлттық құрамасынан бас бапкер Доменико Тедеско қызметінен кетпейінше оралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

The Times басылымының мәліметінше, 32 жастағы қақпашыға ұлттық құрамаға қайта оралу ұсынылған, бірақ ол бас тартқан. Куртуа өз шешімін Тедескомен болған қақтығыспен түсіндірді. Бұған дейін Бельгия футбол федерациясы бұл жағдайға алаңдаушылық білдірген еді. Сонымен қатар, Доменико Тедеско соңғы матчтардағы нашар нәтижелеріне байланысты бас бапкер қызметінен кетуі мүмкін екені белгілі болды: соңғы бес кездесуде Бельгия құрамасы төрт рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған.

Еске салайық, Бельгия құрамасы Қазақстанның ЧМ-2026 іріктеу кезеңіндегі қарсыластарының бірі. J тобында сондай-ақ Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамалары бар.