“Қайрат” ойыншысы “Қызылжарға” ауысты

“Қайрат” ойыншысы “Қызылжарға” ауысты
Футбол

ФК “Қайрат”

Арсен Буранчиев петропавлдық «Қызылжар» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

 23 жастағы Буранчиев алматылық «Қайраттан» кетті. «Қызылжарға» еркін агент ретінде ауысты. Бішкектің тумасы қорғаныспен қатар жартылай қорғауда да ойнай алады. Қазақстан жастар құрамасы сапында сегіз кездесу өткізді. 

 Айта кетейік, петропавлдық команданың бас бапкері қызметіне бірнеше үміткер қаралып жатыр. Олардың қатарында Андрей Демченко мен Милич Чурчич бар.