“Елімай” Яшинмен қоштасты
Футбол
Фк “Елімай”
Семейлік «Елімай» 31 жастағы ресейлік қорғаушы Дмитрий Яшиннің клубтан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сілтеме жасап.
Яшин келісімшартының мерзімі аяқталғандықтан командадан кетеді. Бұған дейін футболшы ресейлік «Терек», «Сокол», «Байкал», белорусиялық «Торпедо», «Луч», «Крумкачі», сондай-ақ армениялық «Гандзасар» клубтарында өнер көрсеткен. Өткен жылы «Ақтөбе» сапында 15 матч өткізген.
«Елімай» құрамында қорғаушы 25 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.