Рожерио Шина “Елімайдан” кетті
Футбол
ФК “Елімай”
Семейлік «Елімай» бразилиялық шабуылшы Рожерио Алвес Дос Сантоспен (Шина) қош айтысқанын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сілтеме жасап.
Бразилиялық ойыншының клубпен келісімшарты аяқталып, ол «Елімай» командасынан кетті.
Шина семейлік клубқа 2024 жылдың басында қосылған болатын. Ол команда сапында 29 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін Шина Қазақстанда «Ақтөбе» клубының намысын қорғаған.