Атырау облысы күрес федерациясының президенті мен UFC файтері төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Жекпе-жек
Naiza
Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен UFC 310 турнирі алдында Атырау облысы күрес федерациясының президенті Арман Туғаев пен UFC файтері Деннис Бузукья (UFC-дегі рекорды 1-3) арасында жанжал шықты.
Тараптар соққы алмасып, кейін жағдайды қауіпсіздік қызметкерлері реттеді. Сондай-ақ, қақтығысқа араласуға тырысқан UFC чемпионы Мераб Двалишвилиді де тоқтатып үлгерген.
Айта кетейік, Арман Туғаев ММА саласында бұған дейін де аты аталған болатын. 2022 жылдың жазында ол Атыраудағы турнирде Хабиб Нурмагомедовті ертіп жүріп, полиция қызметкерін итергені үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді.