Ордабасыда мектеп оқушылары арасында шахматтан турнир өтті

Ордабасыда мектеп оқушылары арасында шахматтан турнир өтті
Шахмат

Ордабасы ауданында «Интелектуалды ұлт» жобасы аясында «Зияткер ұрпақ – ұлт болашағы» атты шахматтан сайыс өтті. Шараның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледы. 

 «Жыл сайынғы дәстүрге айналған шахмат турнирі аудандағы аталған спорт түріне қызығушылар санының артуына септігін тигізіп келеді. Бүгінде өңірдегі білім ордаларында шахмат үйірмелері жасақталып, онда машықтанған жасөспірімдер түрлі деңгейдегі сайыстарда топ жаруда. Өскелең ұрпақты ақыл-ой додасына баулитын жоба өміршең болсын. Жоба авторына алғыс білдіремін»,- деді аудан әкімі өз құттықтауында. 

 Ересектер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған шахмат жарысына аудан тұрғындары мен барлық мектеп оқушылары қатысты. Жарыстың мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.