14 жастағы Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы
Алматы облысының Қараой ауылынан шыққан Ксения Прозорова Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан ел чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz
Чемпионаттың екінші күнінде 14 жастағы спортшы қыз 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол 190 келі (87+103) нәтижемен бірінші орынды иеленді.
59 келіге дейінгі әйелдер арасындағы жарыс нәтижесі:
Ксения Прозорова (Алматы облысы) — 190 кг (87+103)
Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) — 174 кг (78+96)
Валерия Иванова (Жетісу облысы) — 170 кг (80+90).
Ксения бұған дейін, биылғы ақпанда, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ал маусымда 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Орталық Азия чемпионатында топ жарды.
Спортшының жаттықтырушысы Азамат Нұрұллаевтың айтуынша, Ксенияның келесі мақсаты — 2025 жылдың 26-30 сәуірінде Перудің Лима қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысу.