Колби Ковингтон vs Шавкат Рахмонов?
allboxing.ru
Атышулы америкалық файтер Колби Ковингтон қазақтың мақтанышы Шавкат Рахмоновқа ерекше назар аударып отыр. Өзінің видеоүндеуінде Ковингтон UFC президенті Дана Уайт пен вице-президент Хантер Кэмпбеллге тез арада жекпе-жек ұйымдастыруын талап ететінін жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Маған дәл қазір Шавкаттың менеджері туралы жазбаны көрсетті. Тыңда мені, дәл қазір маған қажетті қарсылас сенсің. Хантер мен Данаға хабарласамын, содан кейін кімнің сөзден ісіне көшетінін көрейік», - деп мәлімдеді Ковингтон.
Рахмонов та үнсіз қалмады. Жауабы көп күттірмей, Ковингтонның ұсынысын қабылдағанын білдірді.
«Мен дайынмын. Сенің сөздерің саған октагонда көмектеспейді», - деп жауап берді Шавкат.
Еске салайық, желтоқсан айында Шавкат Рахмонов UFC чемпиондық титулы үшін америкалық Белал Мухаммадпен кездесу өткізуі тиіс болған. Бірақ Белалдың жарақатына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
Қазіргі таңда UFC Рахмоновқа уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бергенімен, оның лайықты қарсыласы әлі анықталмады.