Александр Москаленко: “Төрешілер бізге чемпион болуға мүмкіндік бермеді”

Александр Москаленко: “Төрешілер бізге чемпион болуға мүмкіндік бермеді”
Футбол

ФК “Астана”

“Астана” бас бапкерінің көмекшісі Александр Москаленко Қазақстан чемпионатының соңғы турының нәтижелеріне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін турнирдің соңғы ойындары өтті. “Астана” талдықорғандық “Жетісу” командасын 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атануы мүмкін еді, егер “Қайрат” өз кездесуінде ұпай жоғалтқан болса. Алайда алматылық клуб “Атырауды” пенальтиден соққан голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.

“Не айтуға болады? Біз “Атырау” — “Қайрат” матчын қатар қарап отырдық. Барлығын көрдіңіздер, төрешілер бізге чемпион болуға мүмкіндік бермеді. Басқа айтарым жоқ”, – деді Москаленко.

Айта кетейік, қазақстандық маман КПЛ маусымының соңғы екі матчында дисквалификацияға ұшыраған бас бапкер Григорий Бабаянның орнын басқан болатын.