Қазақстандық шахматшылар Бразилияда жасөспірімдер әлем чемпионатында 3 күміс пен 1 қола жеңіп алды
Шахмат
Қазақстан шахмат федерациясы
Қазақстандық жас шахматшылар Бразилияның Флорианополис қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (U14-U18) ел қоржынына үш күміс және бір қола медаль салып, жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz
Open 14 санатында Эдгар Мамедов, Girls 18 категориясында Амина Қайырбекова және Open 18 санатында Алдияр Ансат күміс медаль еншіледі. Сонымен қатар, Open 14 санатында Сауат Нұрғалиев қола медаль жеңіп алды.
Чемпионатта әлемнің 63 елінен 500-ден астам шахматшы бақ сынады. Қазақстан командасы 20 спортшыдан құралды және оларды гроссмейстер Антон Филиппов жетекшілік етті. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан жүлделер саны бойынша екінші орынға шықты.