Тарихта алғаш рет Қазақстандық спортшы ММА бойынша әлем чемпионы болды

Тарихта алғаш рет Қазақстандық спортшы ММА бойынша әлем чемпионы болды
Жекпе-жек

instagram.com/kazmma_official/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова MMA бойынша IMMAF әлем чемпионатында ел тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жек бойынша Әлем чемпионаты Аралас жауынгерлік өнер халықаралық федерациясының (IMMAF) ұйымдастыруымен Ташкентте (Өзбекстан) өтуде. Мөлдір Әшірбекова 74,8 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Ширек финалда қазақстандық спортшы Анголадан келген Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен жеңсе, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиланы 11:1 есебімен ойсырата ұтты. Финалда Әшірбекова Мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.