Төрешілер Жалғас Жұмағұловтың Еуропа лигасындағы дебюттік жекпе-жегінің тағдырын шешті

Төрешілер Жалғас Жұмағұловтың Еуропа лигасындағы дебюттік жекпе-жегінің тағдырын шешті
Жекпе-жек

Sports.kz

Қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов (16-9) чехиялық Oktagon MMA промоушенінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмағұлов Братиславада (Словакия) өткен Oktagon 63 турнирінде Уэльс өкілі Аарон Эбимен (16-9-1) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Кездесу Жұмағұловтың төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетуімен аяқталды.

Осылайша, Жұмағұлов аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Аарон Эби оныншы рет жеңілді.

Еске сала кетейік, 2023 жылы UFC-ден кеткеннен кейін Жұмағұлов қазақстандық Naiza FC промоушенінде екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын.